Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мұсылман көршісінің жайын осылай ойлайды…

0 600

Бірде патша тағамдардың сапасы мен бағасын білу үшін киімін өзгертіп, базарға шығады. Бір дүкенге кіріп сатушыға, сәлем бергеннен кейін:
– Маған жарты келі май, жарты келі бал және жарты келі ірімшік беріңіз, – дейді. Сатушы жарты келі май өлшеп, ақшасын есептеп болғаннан кейін:
– Аға, сұрағандарыңыздың қалғанын көршімнен алыңыз. Өйткені оның заттары жақсырақ, көршім әлі ештеңе сатпады, – деді. Патша екінші дүкенге кіріп, ол жерден жарты келі бал алып жатқанда, сатушы оған:
– Аллаға шүкір, аға, мен бүгін саудамды бастадым, балаларымның нәпақасын таптым, ал көршім ештеңе сатқан жоқ, – дейді. Сол кезде патша:
– Бұл халық осындай тамаша адамгершілігімен дүние жүзін өзіне қаратады. Халықтың осы таза кісілік қасиетін бұзған адамдарға Алланың қаһары жаусын, – дейді.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.