Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Төрағасы Эр-Риядта елшімен сұхбаттасты

0 65

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясына барған жұмыс сапарында осы елдегі Төтенше және Өкілетті Елші Берік Арынмен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы байланыс, қазақстандық студенттердің тыныс-тіршілігі сөз болды.

«Аллаға шүкір, Сауд Арабиясындағы сапарымыз нәтижелі болды. Біздің ұсыныстарымыз бен игі бастамаларымыз Сауд Арабиясы тарапынан қолдау тапты. Осы елдегі Қажылық, Ислам істері жөніндегі министрлер біздің бастамаларымызға оң ықпал ететінін мәлімдеді. Осы ретте елшілік тарапынан да қолдау көрсетілсе деген тілегіміз бар» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Берік Сақбайұлы Діни басқарманың жұмыстарына сәттілік тілеп, елшілік тарапынан тиісті қолдау жасалатынын жеткізді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.