Дүйсенбі, 15 маусым 2026 ж. 29 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Қазақстан қажылық миссиясы бірқатар келіссөздер жүргізді

13 қаң 2023 922 рет оқылды
Қазақстан қажылық миссиясы бірқатар келіссөздер жүргізді

Сауд Арабия Корольдігіне жұмыс сапарымен барған Қазақстан қажылық миссиясы бірқатар мекеме және компания жетекшілерімен келіссөздер жүргізді.

Наиб мүфти Ершат қажы Оңғар бастаған делегация мүшелері Мекке және Жидда қалаларында қажыларға қызмет көрсету мекеме жетекшілерімен кездесіп, ұлы сапарды жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Басқосу барысында отандастарымызды тасымалдау кезінде жол қауіпсіздігін сақтау, дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, қажыларды қонақ үймен, сапалы тамақпен қамтамасыз ету т.б. мәселелер сөз болды. Осы бағытта ынтымақтастықты арттыруға арналған тиісті құжаттарға қол қойылды.

Айта кетсек, 2023 жылы елімізден 4 мың адам үлкен қажылыққа барады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жидда қаласында Сауд Арабиясы корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесіп, тиісті құжатқа қол қойған болатын. Бас мүфти министрге Қазақстан қажыларына  жеңілдік жасауды ұсынды. Қажылық министрі бұл ұсынысқа қатысты тиісті тапсырма беретінін жеткізді.