Тарихта мұсылмандардың қол жеткізген табыстары береке-бірліктің арқасында болған. Мұсылмандардың басына түскен ауыртпалықтардың, қиыншылықтардың көпшілігі бірліктің бұзылуы, мұсылмандардың бөлінуінен туындаған.
Алла Құран Кәрімде бізді бірлікке шақыра отырып, былай дейді: “Барлықтарың Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, бөлінбеңдер.”
Пайғамбарымыз да: “Мүминдер – кірпіштерден қаланған бір ғимарат сияқты” дей отырып, дініміздегі береке-біріліктің маңызын білдірген.
Бірлік – қуаттың, күштің көзі, ал бөліну – бәленің көзі. Біздің міндетіміз, мұсылмандар арасындағы бірлікті сақтау, жікшілдікке жол бермеу.
Пайғамбарымыз мұсылмандардың бірлігін бұзғысы келетіндер жайында былай дейді: “Бөлінушілікке жол ашқандар – бізден емес”.
Осы өсиетке құлақ асып, бөлінушілікке жол ашатын істерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.
материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,
sunna.kz