Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани»: «Ұлы даланың ұлттық ойындары» спорттық сайысы өтті

0 626

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлттық ойындары» спорттық сайысы өткізілді.

Спорттық сайысты өткізудің басты мақсаты – мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттырып, бауырластығын нығайту. Дін мен дәстүрді қатар ұштастырып, ұлттық ойындарымызды насихаттау.

Мешіт жамағатына арналған ұлттық спорт түрлерінің сайысында бірқатар аталымдармен, атап айтқанда,  «Қол күрес», «Кір тасын көтеру», «Асық ату», «Арқан тартыс», «Садақ ату», «Серпіліс жасау» бойынша өзара сайысқа түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға арнайы диплом мен естелік медальдар табыс етілді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.