Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қанға сіңген қасиет

0 438

Қартқа құрмет көрсету – қанға сіңген қасиеттеріміздің бірі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қарттың қасында береке бар» деген. Қазыналы қарттарымызды қадірлеуді жас буынға үйрету – маңызды істің бірі.

Тарихымызға қарасақ, қай кезеңде де қазыналы қарияларымыз елді бірлік пен ынтымаққа, адал еңбекке бастап отырған. Олар дауды әділ шешіп, ешкімнің ала жібін аттамай, әділдіктің туын жықпай көпке үлгі, жасқа тәлім берген.

«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаса керек. Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда қарттардың беделі мен рөлін арттыру мақсатында Ақсақалдар кеңесін құрды. Мақсатымыз – ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан Ақсақалдар институтын жаңғырту. Алла Тағала үлкендердің батасын алып, бақытты ғұмыр кешуді жазғай. Әмин!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.