Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астана мешіттерінің бас имамдарына семинар өтті

0 127

Астана қаласындағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Құмар ойын жарға жығады» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.

Шаһар бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы өткізген семинар жұмысына қаладағы 13 мешіттің бас имамдары қатысып, бірқатар мәселелер бойынша ортақ ой қозғады.

Семинардың бірінші бөлімінде Ерболат Жүсіпов аталмыш тақырып аясында баяндама жасап, қазіргі таңда жастар арасында белең алған құмар ойындар, букмекерлік бәс тігу әрекеттерімен күрес жолдарын айтты.

Сондай-ақ, семинар соңында Астана қаласы өкілдігінің жыл соңына дейінгі жоспары талқыланып, ірі шараларды ұйымдастыру жайы айтылды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.