Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Пәтуа сағаты» жалғасуда

0 154

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әрбір жұма намазынан кейін, «Пәтуа сағаты» атты аранайы дәріс өткізіліп келеді.

Дәріс жат ағымның алдын алу, халыққа дұрыс діни ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Шара аясында ниетті азаматтарға намаз, ораза, зекет, қажылық, тағы басқа шариғат мәселелері бойынша ҚМДБ пәтуалары жеткізіліп, қатысушылардың көкейіндегі сұрақтарға дәстүрлі Ханафи мәзһабы аясында жауап беріледі. 

Кезекті дәріс бойынша, мешітіміздің азаншысы Рахымберді Рүстем жиналған жамағатқа пәтуаларды жеткізіп, сұрақтарға жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жамағаттың жат ағым жетегінде кетпеуі үшін арнайы «Намаз оқып үйренейік» атты дәріс жүргізілген еді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.