Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Каирде Қазақстан елшісімен кездесті

0 520

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары барысында Қазақстанның осы елдегі Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесті.

Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма жанынан құрылған «Талаба» қауымдастығының жұмысына қолдау көрсетіп келе жатқан елшіге айрықша алғысын білдірді. Сонымен қатар мүфтият жолдамасы бойынша Каирде діни білім алып жүрген қазақстандық студенттерге елшілік тарапынан әрдайым қамқорлық жасалып келе жатқанын тілге тиек етті.

«Сіз біздің халықаралық деңгейдегі бастамаларымызға қолдау көрсетіп, жанашырлық танытып келесіз. Биыл жыл басынан бері екі елдің рухани байланысы аясында бірнеше іс-шаралар қолға алынуда. Мәселен кешегі маусым айында күрделі жөндеуден өткен «әз-Заһир Бейбарыс» бабамыздың атындағы мешіттің ашылуы да үлкен тарихи оқиғаға ұласты. Бейбарыс бабамыздың мешіті ел игілігіне берілді. Екі елге ортақ тарихи мұраға айналды. Бұл да екі ел арасындағы берік байланыстың нәтижесі деп білемін. Осыған ыждаһаттылық танытып, қажырлы еңбек жасаған Өзіңізге тағы да алғыс білдіремін» деді Бас мүфти.

Өз кезегінде елші Қайрат Лама Шариф ел мұсылмандарының қара шаңырағы – мүфтият атқарып жатқан ауқымды істерге тілеулес екенін жеткізіп, Бас мүфти бастаған делегацияға сәт сапар тіледі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.