Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: Республика күніне орай халықаралық Құран жарысы өтеді

0 158

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 1-2 қараша күндері Астана қаласында ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай І халықаралық Құран жарысы өтеді.

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте тұңғыш рет өтетін халықаралық Құран жарысына Индонезия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабия Корольдігі, Америка, Мысыр Араб Республикасы, Түркия, Ресей, Кувейт, Гвинея сынды 30 елден келетін қарилар Құранды толық жатқа оқудан бақ сынайды. Халықаралық Құран жарысына Түркия, Мысыр Араб Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан Республикасынан келетін әлемге танымал, тәжірибелі қарилар қазылық етпек.

Еске сала кетейік, екі күнге созылатын Құран жарысы мүфтияттың төл «Munara TV» телеарнасынан, «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасынан, Діни басқарманың ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.