Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Балаларды қолдау орталығына барды

0 587

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған сапарында Жезқазған қаласындағы Балаларды қолдау орталығында болып, бүлдіршіндерге ізгі тілегін білдірді.

«Алла қаласа, ертең осы орталықтан еліміздің болашағы үшін қызмет ететін тұлғалар шығады. Мемлекетіміз өздеріңіздей балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Ендеше сіздер осы орталықтан жақсы білім мен тәрбие алып шығуларыңыз керек. Содан кейін таңдаған мамандықтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарына түсіп, еліміздің дамуына үлес қосатын мықты тұлға болып шығасыздар. Осы ретте баршаңызды алда келе жатқан тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Мемлекетіміздің қарыштап дамуына үлес қосатын жастарымыздың қатары арта бергей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бүгінде Маруа Құлұшева атындағы Балаларды қолдау орталығында 50-ден астам жасөспірім білім мен тәрбие алуда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.