21 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның Алматыдағы ғимаратында дін қызметкерлерімен жүздесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.
ҚМДБ Төрағасы Тәуелсіздік жылдарында Діни басқарманың атқарған елеулі іс-шаралары жайында баяндай келе, дін қызметкерлерін ел егемендігінің 30 жылдығымен құттықтады.
Сондай-ақ Бас мүфти ұзақ жыл бойы асыл дініміздің мерейін асыруға атсалысып келе жатқан бір топ алматылық дін қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттап, Тәуелсіздік күніне орай арнайы дайындалған кәдесыйлар табыстады.
Айта кетейік, Бас мүфтидің алғыс хатына наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Бас мүфтидің кеңесшісі Мұхаммед-Хусайн Алсабеков, «Иман» журналының бас редакторы Оңғар Өмірбек, «Munara TV» арнасының директоры Нұржан Таласұлы және т.б ие болды.