Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ-2023: 600-ден астам студентке жатақхана берілді

0 402

Бұл туралы ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбай хабарлады.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасындағы бір тапсырма студенттерге арналған жатақхана ашу болатын. Осы орайда еліміздің әр өңірінде он бес жатақхана ашылып, 600-ден астам студентке қолданысқа берілді. Атап айтқанда, Қарағанды, БҚО, Жамбыл, Қостанай, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, Павлодар және ШҚО облыстарындағы жатақханалар студенттерді қабылдап, орналастырды. Сонымен қатар, тағы да қосымша еліміздің әр өңірінде жатақханалар ашу жоспарлануда» дейді Ардақ Нүсіпханұлы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ҚМДБ-ға қарасты 53 қайырымдылық мекеме жұмыс атқаруда. Соның қатарында 21 қайырымдылық мекеме 2023 жылы тіркеліп, жұмысына кірісті. Қазіргі таңда қайырымдылық мекемелереде оқитын жалпы шәкірт саны – 2280-ді құрап отыр. Астана мен Алматыдағы «Хусамуддин ас-Сығанақи» Ислам институтының «Ижаза» бөлімін алғашқы 32 шәкірт тәмамдады. 2023 жылы еліміз бойынша қор атына 11 дүкен, 4 ғимарат пен 3 жер уақып етіп қабылданды, сондай-ақ 1 өсиет тіркелді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.