Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт тазалықшыларына арналған қайырымдылық шарасы өтті

0 159

Республикалық бас мешітте Астана қаласындағы 15 мешіттің 70 тазалықшысына арнайы қайырымдылық дастарқаны жайылды.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде ұйымдастырылған игі шарада қонақтарға мешітке қызмет көрсетудің сауабы, сондай-ақ отбасындағы бала тәрбиесі жөнінде уағыз-насихаттар айтылды. Соңынан шара қонақтарына арнайы сый-сияпаттар жасалды.

«Мешіт – береке мен ынтымақ орны. Келуші қонақтармен қоса, иісі мұсылманның қолы қалт етсе, жаны рухани тыныштық іздеп, Раббысымен оңашалануға жайлы жер. Ал қай жерде көпшілік болса, әлбетте ол жерде бірінші кезекте қауіпсіздік, тазалық сақталуы тиіс. Мешітке келушілерге жайлылық пен қолайлы аура тудырып жүрген еңбек адамдарының бірі – тазалықшылар. Асыл дінімізде тазалыққа ерекше мән беріледі десек, оны қамтамасыз етіп жүрген жандардың да орындары жоғары болмақ» дейді имамдар.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.