Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Көше тазалықшыларына құрмет көрсетілді

0 225

ҚМДБ Астана өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен қала тазалықшыларына құрмет көрсетілді.

Қаланың көркіне көрік қосып, келбетіне үнсіз ажар сыйлап жүрген көше тазалықшыларының еңбегін елемей кету құдайшылық болмас еді. Осыны ойлаған қала мешіттері әр жыл сайын дәстүрлі шаралар ұйымдастырып, еңбекқор азаматтарға аз болса да қолұшын созып келеді.

Кезекті шара аясында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті «Астана-Тазалық» ЖШС қызметкерлеріне түскі ас үлестіріп, арнайы сыйлықтар табыстады.

Мешіт қызметкерлері қақаған аяз бен ақмылтық боранға қарамай көшенің тазалығы үшін тер төккен жандарға алғыстарын айтып, ризашылық білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.