Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет Жітіқара ауданына іссапар барысында баспанаға мұқтаж отбасыға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 720-пәтер кілтін табыс етті.
Өңірдің шалғайда жатқан Жітіқара ауданына атбасын бұрған бас имам ағайынның хал-жағдайымен танысып, Азамат Наутановты ерекше қуанышқа бөледі. Өз кезегінде жаңа пәтер иесі Азамат Мурзабекұлы облыс бас имамына және қайырымды іске қолдау көрсеткен барша ағайынға алғысын білдірді.