Жұма, 18 қыркүйек 2026 ж. 7 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:20
Күн 05:49
Бесін 12:13
Ақшам 18:27
Құптан 19:55
Жаңалықтар

720-пәтер кілтін табыс етті

6 ақп 2024 1 517 рет оқылды
720-пәтер кілтін табыс етті

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет Жітіқара ауданына іссапар барысында баспанаға мұқтаж отбасыға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 720-пәтер кілтін табыс етті.

Өңірдің шалғайда жатқан Жітіқара ауданына атбасын бұрған бас имам ағайынның хал-жағдайымен танысып, Азамат Наутановты ерекше қуанышқа бөледі. Өз кезегінде жаңа пәтер иесі Азамат Мурзабекұлы облыс бас имамына және қайырымды іске қолдау көрсеткен барша ағайынға алғысын білдірді.

   
#Ел үлесі пәтерге