Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт маңындағы діни дүкендерге сараптама жүргізілді

Мешіт маңындағы діни дүкендерге сараптама жүргізілді

0 72

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен бес бағыттың бірі – «Кітаптарды діни сараптамадан өткізу қағидаттары» бойынша бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті жанындағы діни дүкендер тексерілді.

 

Діни әдебиеттердің арасында жат ағымға насихат жасайтын еңбектер кездесіп жатады. Отан ішінен отау тігетіндердің мұндай әрекеттері бүлік тудыруды көздейтіндігін анық білдірсе керек. Сол себепті, елімізде басылып жатқан әрбір діни кітапқа кәсіби сарапшылар қорытындысы қажет.

Осы мақсатта бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Ерасыл Жайыров мешіт маңында орналасқан діни дүкендердегі кітаптарға сараптама жасады.

Нәтижесінде мешіт ұстазы діни кітаптардың мазмұны мен тақырыптарына жалпы шолу жасап, сүзгіден өткізді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.