Пайғамбарды (с.ғ.с) сүю оған итағат етумен орындалады
Пайғамбарды (с.ғ.с) сүю оған итағат етумен орындалады
Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ансарлық бір сахабаның қолынан алтын жүзік байқап қалады. Оны қолынан шешіп алып, жерге лақтырып жібереді де:
– Қайсысың тозақтан көмір алып пайдалана аласыңдар?! – дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Бірде Пайғамбарымыз ансарлық бір сахабаның қолынан алтын жүзік байқап қалады. Оны қолынан шешіп алып, жерге лақтырып жібереді де:
– Қайсысың тозақтан көмір алып пайдалана аласыңдар?! – дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) кетіп қалған соң әлгі сахабаға қасындағылар:
– Жүзігіңді алып ал, пайдаңа асар, – дейді. Ол:
– Алланың атымен! Алмаймын! Оны Пайғамбарымыз (с.ғ.с) лақтырып жіберді, – дейді. Неткен бойұсыну?! Пайғамбарымыз (с.ғ.с) рибаны арам деді. Одан ұзай алдық па?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туыстық байланысты үзу арам деді. Айтқанын істеп, туыс-туғанды аралап, жағдайын сұрап жүрміз ба?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әйелге қол көтеруден қайтарды. Ештеңе демей, ұрыспай, қол көтермей жүре аламыз ба?
Пайғамбарымызды (с.ғ.с) сүю оған итағат етумен орындалады.
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
sunna.kz