Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Біреуге көмектесе алмасаң, оған көмектесе алатын адамға айт

Біреуге көмектесе алмасаң, оған көмектесе алатын адамға айт

0 94

Бірде бір кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп:

– Жолда қалып кеттім. Маған көлік бересің бе? – деп сұрайды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Менде ешнәрсе жоқ! – дейді.

Осы әңгімені естіп тұрған басқа бір кісі:

– Уа, Алла Елшісі! Мен оған көлік бере алатын біреуді білемін, – дейді.

– Жақсылыққа сілтеген адам сол жақсылықты жасаған адамның сауабындай сауап алады, – дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).

Жақсылық жасай алмасаң, жақсылыққа жөн сілте. Түгі жоқ пақырды білсең, көмек қолын созуға дайындармен байланыстыр.

Намаз оқығысы келіп жүрген досыңды жұмаға, мешіттегі уағызға ертіп кел.

Біреуге көмектесе алмасаң, оған көмектесе алатын адамға айт.

Осы нәрселерді жасасаң сол нәрселерді жасаған адамның сауабындай сауапты сен де аласың. Не үшін? Жақсылыққа сілтегенің үшін!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.