Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дін мәселелеріндегі шектен шығушылық және насапсыздық

Дін мәселелеріндегі шектен шығушылық және насапсыздық

0 61

Діндегі нысапсыздық (ғулюу) – бұл бидғатқа, күпірлікке, ширкке және негізсіз күпірлікте айыптауға, еш хақысыз қан төгуге алып келетін себеп! Әрі осындай опат етуші және ұлы күнәларға әкеп соқтыратын нәрседе жамандықтың да жетіп асатыны айқын.

 

Сол себепті де шариғат дін мәселесіндегі нысапсыздықтың (артық кетушіліктің) кез келген түріне қатал түрде тыйым салған! Аллаһ Тағала христиандар мен яһудилерге былай деген: «(Мұхаммед, оларға): “Әй, Кітап иелері! Діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар және бұрынғы хақ жолдан өздері адасқан әрі басқаларды адастырған, тура жолдан ауытқыған қауымның қалауына ермеңдер!”, – де» (әл-Мәида сүресі, 77-аят).

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: «Осы үмметтен (мұсылмандардан) кімдекім христиандар мен яһудилерге еліктесе және дін мәселесінде не шектен шығушылық арқылы, не салғырттық арқылы нысапсыздыққа түссе, ол солар сияқты болады, бұл діннен ұшып шығып кеткен хауариждермен орын алғанындай! Хауариждер ‘Али ибн Әбу Талибтің басқаруының кезінде шықты. Мұсылмандар одан он шақты риуаятпен олар туралы сенімді хадистер жеткізілетін Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығын орындап, олармен мұсылмандарға қарсы шыққандықтары себебімен соғысты. Сондай-ақ бұған дін мәселесінде шектен шыққан рафидилер, қадарилер, жәһмилер, му‘тазилилер мен әш’арилер жатады». (“Мәжму’ул-фәтауа” 3/340-350).

Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Діндегі артық кетушіліктен сақтаныңдар, өйткені сендерге дейінгілерді діндегі артық кетушіліктері опат етті!» (ән-Нәсаи 4/49, Ибн Мәжаһ 3029, Ибн әл-Жәруд 473). Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: “Хадистегі «Діндегі артық кетушіліктен сақтаныңдар» деген сөздер өзіне сенімдегі немесе амалдардағы артық кетушіліктің барлық түрін қамтитын жалпылама (сөздер) болып табылады”. Қараңыз: “Иқтида сырат әлмустақим” 1/328.

Ибн Мәсудтан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Шектен шыққандар опат болды!», – деп үш рет қайталады. (Муслим 2670).

Имам әл-Хаттаби осы хадистің түсіндірмесінде былай деді: “«Шектен шыққандар» – бұл мәселеге терең кіріп кетушілер, философиялық әдістер арқылы ой-пікір құруға салынатындар, өздеріне қатысты болмаған және ақылы жетпейтін нәрселерге тереңдейтіндер”. (“Мә’алим әс-Сунан” 4/277).

Имам ән-Нәуауи: «Яғни артық кетушілікке салынғандар және сөздері мен амалдарында шектен шыққандар», – деген. ( “Шарх «Сахих» Муслим” 16/220).

Имам әл-Мунауи: «Бұл шариғат шеңберінен шығып және шайтанның азғыруында болып, өз құлшылығында шектен шығушылыққа түскендер деп айтылған болатын». (“Фәйдул-Қадир” 6/355).

Шейх Сыддиқ Хасан Хан былай деп айтқан: «Бұл хадис құрамында шектен шығушылық бар бүкіл мәселеге қатысты, мейлі ол құлшылықта, қарым-қатынаста немесе әдет-ғұрыпта болсын. Сондай-ақ бұның барлығы сыртқы амалдарға қатысты болады ма, жүрек амалына ма, сенімге ме немесе іс-әрекеттерге ме – мұның айырмашылығы жоқ. Әрі егер қандай да бір мәселеге қатысты ақиқат Құран мен Сүннетте бекітілген болса, ал басқа бір нәрсе оларға қарама-қайшы келсе, онда ол да осы хадиске қатысты болады әрі мұндайды істеуші опат етіледі! Әрі шектен шығушылықтың, асыра сілтеушілік пен артық кетушіліктің «опат болу» деп аталуы осының барлығына үзілді-кесілді тыйым салынғандығын білдіреді. Ал бүкіл мәселеде шектен шығу және артық кетушілік осылай істейтін адамның опат болуына әкеп соқтырады!» ( “әс-Сираж әл-уәххаж” 10/198).

материал «Бидғаттың зардаптары» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.