Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Исламның ақыл мен білімге мән беруі

Исламның ақыл мен білімге мән беруі

0 73

Ақыл – Алланың адам баласына берген үлкен сыйы. Адам жақсы мен жаманды ақылмен ажыратады. Ақыл – адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін үлкен қасиет.

 

Дінімізде жауапты (мүкәлләф) болу үшін ақыл-есі дұрыс болуы шарт. Иман мен ғибадатта алғы шарт – ақыл. Ақыл-есі дұрыс еместерге діни әмірлердің жүктелмейтіндігінің өзі-ақ ақылдың Ислам дініндегі маңыздылығын көрсетеді. Бірақ ақылдың шынайы құндылығы адамға пайдалы болуы, оны дұрыс жұмыс істетуге байланысты. Ақылға жүгінбегендер Құран Кәрімде айыпталады. Ақыл – маңызды білім құралдарының бірі.

Ислам ақылмен қатар білімге де үлкен мән береді. Ислам – үнемі оқып, білім алып, үйренуді әмір еткен. Құран Кәрімнің алғашқы аятының “Оқы!” деген бұйрықпен басталуы бізге білімнің аса маңызды екенін көрсетеді. Білім және ғалымдардың орнын Алла Тағала былай баяндайды: «(Әй, пайғамбарым!) Сен айт: Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» («Зумар» сүресі, 9-аят)

 Пайғамбарымыз да білім үйренудің мұсылмандар үшін өте маңызды парыз екенін көрсете отырып, былай дейді: «Ілім үйрену – ер-әйел барлық мұсылманға парыз».

Осыған сәйкес аталарымыз білімге аса мән беріп, ғалымдарға құрметпен қараған.

Бір патша Мысырдан қайтқан бетінде атақты дін ғалымы Ибн Кәмалмен бірге балшықты жерден өтіп бара жатады. Осы мезет Ибн Кәмалдың атының аяғынан шашыраған балшық патшаның киімін ластап, ғалым бұған қатты қысылады.

Ұстазының ыңғайсызданғанын көрген патша:

«Қысылманыз ұстаз! Ғалымның атының аяғынан шашыраған балшық – біз үшін әшекей. Осы былғанған шапаным балшығымен сақталып, өлгенде табытымның үстіне қойылсын» – деп өсиет айтып, ғалымға деген құрметін білдірген.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.