Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әріптестерге құрмет көрсетілді

0 658

Қасиетті жұма күні басқа мешітке ауысқан қызметкерлерге мешіт ұжымы мен жамағаттың атынан құрмет көрсетілді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы Санху Закир мен Оңғар Хайриддинов қатарлы әріптестерінің жаңа қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеп, қазақи дәстүр бойынша иықтарына шапан жапты.

Сонымен бірге, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің гүлденіп-көркеюіне қосқан үлестері үшін ризашылығын білдіріп, рахмет айтты.

Игі іс-шарада мешіт ақсақалдары имамдарға батасын беріп, дұға жасады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.