Өз абыройыңды сақта! Малы бар адамдарға жалтақтап, өзгелерге алақан жаюдан сақтан. Барыңа қанағат етіп үйрен, абыройың асқақтайды. Ізгілерден қалған бір сөзде – қара нанмен суға қанағат етсең сені ешкім бағынышты, тәуелді ете алмайды.
Басра қаласының маңайынан кетіп бара жатқан жолаушы:
– Мына қаланың мырзасы кім?
– Хасан Басри
– Қандай әрекетімен оған қол жеткізді?
– Ол адамдардың дүниесіне қызығып қарамады, ал адамдар оның іліміне мұқтаж болды. (Осы қасиеті арқылы адамдарға үстемдік ете алды).
Балақай! Менің әкем – өте дәулетті адам болған. Мыңдаған қаражатты артынан қалдырып кетті. Жасыма жиырмаға таяғанда – жиырма мың динар және екі үй қалдырған болатын. Қалған малдың бәрін сатып, өзіме кітап алдым. Екі үйімді сатып, барлығын ілім жолында сарп еттім. Қолымда бар малымнан ештеңе қалмады. Алайда әкең ілім талап ету барысында ешқашан төмендеген емес. Басқа уағызшылар сынды елді аралап, уағыз айтқан емеспін. Мал-дүниесі бар кісілерге біреуді дәнекерлік қылып, мал сұратқан емеспін.
Өмірім әрқашанда туарлықта жүретін. «Талақ» сүресінде: «Кім Алладан қорқатын болса, оны тығырықтан шығарады, ойламаған жерден рызық береді». («Талақ» сүресі 2,3 аяттары).
материал «Ибн Жаузидың баласына насихаты» кітабынан алынды,
sunna.kz