Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алладан не сұрасақ та, ең ұлы нығметті сұрауымыз қажет

Алладан не сұрасақ та, ең ұлы нығметті сұрауымыз қажет

0 28

Құрманғазы Садыбаев ұстазымыз (Алла амандық берсін) бір дәрісінде айтқан еді: «Дұғаңызда ең ұлық болған істерді сұраңыз. Мухаддис немесе муфассир болуды анықтап, біле алмай жүрсеңіз, бірден Алладан ғалым болуды сұраңыз. Ғалым бүкіл ілімді қамтиды».

«Ей, адамдар! Міндетті түрде сендердің мақсаттарың болсын! Міндетті түрде сендердің мақсаттарың болсын! Сендер амал жасап, шаршап-жалықсаңдар да, Алла Тағала нығметін бере беруден еш жалықпайды».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұсылман үшін жоғары мақсат қоюдың маңыздылығын осы хадисінде түсіндірген. Ал басқа бір хадисінде: «Расында, Алла ұлы мақсаттарды жақсы көреді. Төмен болған істерді жақтырмайды», – деген.

Имам Әбул Фараж ибн әл-Жәузи (Алла рақым етсін) «Сайд әл-Хатир» (Ойтұсау) кітабында ұлы мақсат турасында: «Расында, адамның мақсатының ұлы болуы – ақыл кемелдігінің бір белгісі. Егер адам түкке тұрғысыз істерге разылық танытса, өзі де төмен қарай құлдырай бермек», – деген. Имам Мәлик (Алла рақым етсін): «Әрқашан да ұлы істерді жасауға ұмтыл! Түкке тұрғысыз бос істерден сақтан! Расында, Алла ұлы істерді жақсы көреді», – деген.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына хадисіне үңіліп көрелік: «Алладан жәннат сұрар болсаңдар, онда ең жоғары болған Фирдәусті сұраңдар!». Алладан не сұрасақ та, ең ұлы нығметті сұрауымыз қажет. Алға қарай ұмтылсақ, ең биік белестерге талпынуымыз керек.

материал «Не үшін оқу?» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.