Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Достардың арасында пайдаланып кету деген нәрсе жоқ

Достардың арасында пайдаланып кету деген нәрсе жоқ

0 104

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Әбу Бәкірге (р.а) келді де:

– Мәдинаға кетуге рұқсат берілді! – дейді.

Әбу Бәкір (р.а):

– Бірге шығамыз ба? – дегенде:

– Иә! Жолға бірге шығамыз, – дейді.

– Уа, Алла Елшісі! Мен екі түйе дайындап отыр едім. Біреуін алыңыз!
– Өз бағасына, Әбу Бәкір. Менікі емес түйеге міне алмаймын, – дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).

Достарыңмен көркем мәміледе болыңдар. Олардың да бала-шағасы, отбасы, жұмысы бар екенін ұмытпаңдар. Жымысқы ниетпен, маған да төлесін деп досыңды өтірік мақтама. Адамның бәрі – шіріген бай емес.

Доссың ба? Достық, шынайы мәміле жасай біл! Ендеше біліп қой, достардың арасында пайдаланып кету деген нәрсе болмайды, пайдалы болу деген нәрсе болады.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.