Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Жақсылық жауапсыз қалмайды…»: «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

0 1  057

Адам баласы қоғам ретінде өмір сүруге бейім жаратылғандықтан бір-біріне мұқтаж. Осындай мұқтаждық адамдардың бір-біріне жәрдемдесуін, бір-бірінің кем-кетігін толтыра отырып, үйлесім негізінде өмір сүруін талап етеді. Сондықтан да ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып, мұқтаж адамдардың қажетін өтеп, қуаныштарына өз үлесін қосып келеді. Әр түрлі акциялар мен мерекелерге орай өткізілетін ірі көлемді қайырымдылық науқандарын қоспағанда, апта сайын түрліше форматта үлкенді-кішілі қайырымдылық жұмыстары жиі жүргізіліп отырады.

Бүгін де сол игі шара жалғасын тапты. «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Карантиндік талаптарды сақтай отырып, әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік салынған пакеттер таратылды. 

Қайырымдылық көмек алған жандар  мешіт әкімшілігіне өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Алла Тағала: «Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған. Жаратқан иеміз көптеген аяттарында мұсылмандарға қарата: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» («Хаж» сүресі, 77-аят)«(Кімге) қандай жақсылық жасаған болсаңдар, Алла тағала оны шүбәсіз біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят), «Жақсылық атаулының қайсыбірін істесеңдер де, Алла тағала оны міндетті түрде біледі» («Бақара» сүресі, 197-аят)«Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады» («Зілзала» сүресі, 7-аят) деген.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.