«Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасаса да, жазаланады»
«Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасаса да, жазаланады»
Бірде Мәдинада Бәну Махзум руының бір әйелі ұрлық жасап қояды. Бәрі алаңдап қалады.
Араға Пайғамбарымызды (с.ғ.с) салғысы келіп Усәмә ибн Зәйдті сөйлесуге жібереді. Усәмә Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) асырап алған ұлы Зәйд ибн Харисаның ұлы еді. Усәмәны қатты жақсы көретін.
Усәмә келіп Пайғамбарымызға (с.ғ.с) жағдайды баяндағанда, ашуланып кетіп:
– Алланың бекіткен үкіміне килігемін бе, Усәмә?! – дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).
Артынша мінберге шығып адамдарға мына мәшһүр сөзін айтады:
– Алланың атымен! Егер Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасаса да жазаланады!
Фатима ұрлық жасамайтын еді. Бірақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз жүрегіне жақын қызын айтып бәріне мысал келтірді. Біреу оқиды, қиналады, көз майын тауысады. Енді жұмысқа тұрғалы жатқанда танысы арқылы келген біреу оның алдын кес-кестеп кетеді.
Әділдік – Алланың сипаты. Кім айыбы үшін біреуді ақтаса, арасына түссе соның қылмысына ортақ болады.
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
sunna.kz