Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жүрегімізді кім билесе, бізді де сол билейді

Жүрегімізді кім билесе, бізді де сол билейді

0 62

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) парсы бір көршісі болатын. Ол аспаздығымен танымал еді. Бірде ас жасап, Пайғамбарымызды (с.ғ.с) қонаққа шақырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  Айшаны көрсетіп:

– Жұбайым ше? – дейді.

– Жоқ, сіз ғана.

– Онда мен бармаймын, – дейді.

Келесі жол тағы қонаққа шақырғанда тағы да Айшаны көрсетіп:

– Ол ше?

– Иә, ол да, – дейді көршісі.

– Бұл жолы барамын, – дейді Пайғамбарымыз.

Кейбір болмашы жайттар әйелдер үшін қымбат сыйлықтан да маңызды рөл ойнайды. Жүрегімізді кім билесе, бізді де сол билейді.

Жүректе қалған кейбір нәрселердің әсері себепті іштегі үміт ұшқыны оянып не сөніп қалады. Сондай кезеңде маңымыздағы неше түрлі қымбат материалдық дүниелерге назар да аудармаймыз.

Сен өз әйеліңді қадірлей алмасаң, бүкіл дүние жиналып келіп оны құрметтесе де ол өз қадірін білмей қала береді.

Әйеліңді өзгенің алдында көтеретін де, түсіретін де – өзіңсің!

материал «Дін мен дәстүр» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.