Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жамбыл облысына бас имам тағайындалды

Жамбыл облысына бас имам тағайындалды

0 133

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысының бас имамы болып Асқар Зәкіржанұлы тағайындалды.

Тағайындау рәсіміне арнайы келген ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы өңірдің дін қызметкерлері мен жамағатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, бұйрықты оқып берді.

Бұған дейін бас имам және «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры қызметін атқарып келген Бейбіт Әліпбекұлы жаңа қызметке ауысты. Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жаңадан тағайындалған бас имам Асқар Зәкіржанұлына сәттілік пен береке тіледі.

Жұма намазынан кейін Бейбіт Әліпбекұлына облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің атынан алғыс хат табысталып, Діни басқарма мен жамағат қазақтың дәстүрлі шапанын жапты. Мешіт жамағаты ризашылығын айтып, мешіт ұжымы жүрек жарды дұға-тілектерін жеткізді. Ал өкілдік қызметіне келген бас имам Асқар Зәкіржанұлына жемісті әрі нәтижелі жұмыс, ырыс-береке тіледі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.