Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беріледі

0 550

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның Орталық Аппарат қызметкерлері, бөлім басшылары да баяндама жасады.

Атап айтқанда, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұрбек Әуесханұлы, «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбаев, «Мұнара ТВ» телеарнасының директоры Нұржан Даркулов баяндама жасап, Бас имамдарға биылғы жеті бағыт бойынша атқарылуы тиіс жұмыстар жайлы баяндады.

Айта кетейік, Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ 2022 жылы жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін атап өтті. Олар – діни білім және ғылым; уағыз-насихат және ихсан; дін мен дәстүр; ақпарат және ағарту; қоғаммен байланыс; уақып және қайырымдылық; діни оңалту бағыттары.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.