Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Маңғыстау имамдарына ҚМДБ құжаттары бойынша семинар өтті

0 288

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай дін қызметкерлеріне негізгі концептуалды құжаттарды насихаттау мақсатында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Раббым – білімімді арттыр» атты ақпараттық-танымдық семинар өтті. Алғы сөзді алған өңір бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы алдағы уақытта Маңғыстау өкілдігіне қарасты барлық мешіт қызметкерлерінің яғни, имам, наиб имам, азаншы, ұстаздардың аттестациядан өтетінін хабарлап, ҚМДБ тарапынан бекітілген құжаттармен қайтадан танысып, сынаққа жауапкершілікпен дайындалуға шақырды. Осыдан кейін облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамдары Қайрат Қошкелдіұлы, Іздібай Бегенұлы арнайы баяндамалар жасаса, Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы және өзге де имамдар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында облыс бас имамы ҚМДБ тарапынан бекітілген дәстүрлі 7 бағыт: ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс сынды түрлі қызмет түрлеріне ерекше мән беріп, ағымдағы жылдың қалған айларына арналған жоспарды тағы бір пысықтап, кеткен олқылықтардың орнын толтыруға қатысты нақты тапсырмалар беріп, имамдардың алдағы уақыттағы ел игілігі мен дін игілігі жолындағы жұмыстарына береке тіледі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.