2017 жылдың 9 тамыз күні «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ ұйымдастыруымен, жергілікті ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен «Стоматология» оқу клиникалық орталық» ЖШС қызметкерлерімен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу өткізілді.
Сондай-ақ, ақпараттық материалдар таратылып, бейнематериалдар қатысушылар назарына ұсынылды. Дәріс соңында тыңдаушылардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріліп, Орталық маманы тарапынан психологиялық және діни тұрғыдағы кеңес беру қызметін атқаратын «call-center 2288» және 8 (7172) 78-22-88 «Сенім телефоны» туралы ақпарат берілді.
ummet.kz