Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ақтөбелік 4 отбасы баспаналы болды (фото)

Ақтөбелік 4 отбасы баспаналы болды (фото)

0 220

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбеде өткен ауызашар кешінде 4 отбасыға «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясының 819, 820, 821 және 822-баспаналарының кілтін табыстады.


Атап айтар болсақ, 819-баспана мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Назгүл Айыпқызына берілді. 820 және 821-баспаналар көп балалы жалғызбасты аналар Гүлзабира Сейітқалиқызы мен Орынгүл Қойшыбайқызына табысталды. Ал 822-баспана дін қызметкері, Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Бақытқалиұлына берілді.

ҚМДБ Төрағасы баспана кілттерін иелеріне табыстап, шаңырақтарына құт-береке тіледі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.