Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құран жарысы: жұмыс тобы Түркістанға келді (ФОТО)

0 620

Қазан айында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық жарысқа орай Бас мүфти тапсырмасымен ҚМДБ-да құрылған арнайы жұмыс тобы Түркістан қаласына келді.

Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұровтың жетекшілігімен Түркістан облыстық мешітінде жиын өтіп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өтетін тағылымы мол жарыстың дайындық жұмыстары талқыланды. Жиынға ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігіт пен «Muftiyat» баспасының директоры Мұрат Манапұлы, сондай-ақ өңір имамдары қатысты.

Облыс бас имамы Еркебұлан Қарақұлов айтулы жарысқа дайындық барысын баяндады. Жұмыс тобы жарыс өтетін және қариларды күтетін орындарды аралады. Батыржан Берденұлы өңір имамдарына бірқатар тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, 6-7 қазан күндері Түркістан қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық жарыс өтеді.

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.