Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дүние – алдамшы сағым, ақырет – өлімсіз өмір

Дүние – алдамшы сағым, ақырет – өлімсіз өмір

0 140

Өлім тыныштығына оранған әрбір құлпытас өзіне тән тілімен сөйлеп тұрған насихатшы. Қабірстанның қала ішінде, жол жиегінде және мешіттің ауласында салынуы іс жүзінде өлімді ойлау, яғни өлімді ойлап, дүниені соған қарап реттеу үшін еді. Өлімнің қорқынышты ауырлығын сөздердің шектеулі мүмкіндіктерімен жеткізу мүмкін емес. Өлім алдында барлық күш-жігер шарасыз.

Дүние – алдамшы сағым, ақырет – өлімсіз өмір. Көбінесе адам өмірдің мыңдаған көріністерінің тұтқыны. Жалған әрі опасыз мына дүние бір алданыш орны.

Адам әрбір фәни жаратылыстың жастығы мен сергектігі болған уақыт диірменіне түсіп, үнемі үгітіліп жатқандығынан ғибрат алмай ма? Ақырет ақиқатынан бейхабар, өткінші өмір мен нәпсіқұмарлықты қоздыратын дүниелік қызықтарға, фәни ойыншықтарға алдану – ұлы әрі шексіз болашақ алдында қандай өкінішті алданушылық! Ғапыл өмір – балалық шақта ойын, жастық шақта құмарлық, орта жаста надандық, қартайғанда
айырылып қалғандарына өкіну сияқты мыңдаған өкініштен тұрады.

Өлім – адамның жеке басының қияметі. Қияметімізден бұрын оянсақ, өкінішке тап болмаймыз. Өйткені, әрбір фәни тіршілік иесі қай жерде және қашан болмасын қалайда Әзірейілмен кездеседі. Өлімнен қашатын жер жоқ. Олай болса, адам баласы уақыт өткізбей «Аллаһқа бет бұрыңдар» (“Зарият” сүресі 50-аят) әміріне мойынсұнып, Алланың рахымын бірден-бір пана деп қабылдауы керек.

Өлімнің айқын тәфәккүрі – өлгендердің көгерген еріндеріндегі үнсіздіктің сырында жасырылған. Өлімнің күшті насихатына дүниеден келген жауаптар тек көз жастары мен құрғақ айқай ғана…

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.