Адамдар дұғасы қабыл болады-ау деп үміттенген кісілерден дұға етуін сұрайды. Алайда, дұғаның қабыл болуындағы негізгі себеп дұға етушінің Алла алдында лайықты болуынан гөрі сұраудағы ықыласы мен шынайылығына байланысты. Бұл күнәһар біреудің де мүмин бауырына ықыласпен жасайтын шынайы дұғасы Алла алдында дәреже жағынан одан неше есе жоғары басқа біреудің дұғасынан абзал болады деген сөз. Бұлай болмағанда күнәһардың кемшіліктерін айту – «ғайбат» деген
үлкен күнәнің бірі болып саналмас еді. Осы жерде кім болса да, Алла құлдарынан біреуінің көңілін аулап, оның шынайы дұғасын алудың қадірін білген жөн.
Сахабалар, Алла Расулынан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сұрайды: «Ең көп қабыл болатын дұға қайсы?»
Сонда ол былай деді: «Түннің соңғы бөлігінде және әрбір парыз намаздың артынан
жасалған дұға» (Тирмизи, Дағуат 78).
Дұғаның қабыл болуы үшін тек қана тілмен сұрау жеткіліксіз. Сөздің мағынасынан шыққан тілектен жүрек дірілдеп, дұға осы күнәнің кешірілуі үшін және оны екінші рет істемеу турасында кесімді қарар түріндегі шешіммен талап етілуі қажет.
Бір жағынан дұғаның Хақ Тағала алдында қабылдануын қамтамасыз етуде тура жол мен салих амалдың мәні зор. Бұл туралы аятта былай баяндалады «Оған (Ұлы Аллаға) тап-таза сөздер (шынайы дұға мен мінәжәттар) көтеріледі. Мұны салих амалдар көтереді» (“Фатыр” сүресі 10-аят).
Дұғаларды «хауф уә рәжә», яғни қорқыныш пен үміт арасында қажет. Дұға мен истиғфар жеке бас пен ұлттарды амандыққа жетелейді, болашақ қауіптерді жояды.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
sunna.kz