Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ғұламалар кеңесінің 45-мәжілісі басталды

Ғұламалар кеңесінің 45-мәжілісі басталды

0 81

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің 45-мәжілісі басталды.

Жылдың алғашқы мәжілісін ашқан ҚМДБ Төрағасы: «Ғұламалар кеңесінің жұмысы жоғары деңгейде өтіп келеді. Қоғамға пайдалы өзекті пәтуалар, концептуалды құжаттар қабылданды. Кеңес құрылған күннен бастап, 44 мәжілісі өтті. Осы мәжілістерде әртүрлі тақырыпта 158 пәтуа бекітілді», – дей келіп, кеңес отырысына сәттілік тіледі.

Мәжіліс барысында «Киберсквоттингпен айналысудың үкімі», «Киберспортпен шұғылданудың үкімі», «Коллагенді қолданудың үкімі» және «Жасанды интеллектті қолданудың үкімі» тақырыптары қарастырылуда.

Сонымен қатар «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» және «Қазақ даласындағы отбасы құндылығы тұғырнамасы» сынды құжаттардың мазмұны талқылануда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.