Дүйсенбі, 15 маусым 2026 ж. 29 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Республикалық медресеаралық олимпиада өткізілді

29 сәу 2025 649 рет оқылды
Республикалық медресеаралық олимпиада өткізілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласында республикалық медресеаралық олимпиада болып өтті.

Білім сайысына медресе-колледждердің бітіруші курс студенттері қатысып, екі кезең бойынша бақ сынады. Бірінші кезеңде – араб тілі, фиқһ және ислам тарихынан тест, екінші кезеңде – Құран жаттау, мәтін аудару және ауызша сынақ өткізілді. Қатысушылардың білімін ҚМДБ мамандары мен «Хусамуддин ас-Сығанақи» ислам институтының оқытушылары бағалады. Жеңімпаздарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы атынан диплом және қаржылай сыйлық табысталды.

Жеңімпаздар қатарында ұлдар арасында «Шымкент» медресе-колледжінің студенті Мұхаммед Ахмет І орын алып, 300 000 теңге жүлдеге ие болды. ІІ орынға «Астана» медресе-колледжінің студенті Ринатов Ералы лайық деп танылып, 150 000 теңге жеңіп алды. Ал ІІІ орынды «Шымкент» медресе-колледжінің Алтынбек Балатауұлы мен «Астана» медресе-колледжінің Отарбай Айтөре иеленіп, әрқайсысы 75 000 теңгеден марапатталды.

Қыздар арасында «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенті Қуанбек Аякөз І орынды иеленіп, 300 000 теңге жүлдеге қол жеткізді. Осы медресенің студенті Молдабек Карима ІІ орын алып, 150 000 теңге иеленді. ІІІ орынға «Үшқоңыр» медресе-колледжінің Тыныштықбай Нұрай мен «Ақтөбе» медресе-колледжінің Аманкелдіқызы Назым лайық деп танылып, әрқайсысы 75 000 теңгеден қаржылай сыйлыққа ие болды.