Бабаатадағы Бақдәулет деген кісінің үйіндегі бір үлкен жиында Шойынбеттің тапқырлығын сынамақ болған Сыздық төре:
– Дәулет артық па?
Бақ артық па?
Өнер артық па?
Тіл артық па? – деп сұрапты.
Сонда Шойынбет:
– Дәулет – қолдың кірі, жуса кететін,
Бақ – сел-көшкін, уақытпен өлшенген.
Өнер – рыздық-несібе таусылмайтын,
Тіл – ізгілік мұрат, ұрпаққа қалдыратын, – деп жауап берген екен.
«Шешендер сөйлейді» кітабынан
Sunna.kz