Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Конференция аясында фотокөрме ұсынылды

Конференция аясында фотокөрме ұсынылды

0 128

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде өтіп жатқан халықаралық конференция кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына арналған фотокөрме ұсынылды.


Фотокөрмеге Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кезіндегі Қазақстан қазилары Әбдіғаппар Шамсутдинов, Сәдуақас қажы Ғылмани, Жақия қажы Бейсенбайұлының суреттері қойылды.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы төрағалары, Бас мүфтилер Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы, Серікбай қажы Ораз және қазіргі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының мүфтият жұмысына қатысты фотосуреттері ұсынылды.

Конференцияға келген шетелдік меймандар фотокөрмені тамашалап, қазақтың дін тарихына қатысты мағлұмат алды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.