ҚМДБ Төрағасы Хан ордасында бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасын бағыштады
ҚМДБ Төрағасы Хан ордасында бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасын бағыштады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына барған сапарында Хан ордасында бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасын жасады.
«Уа, Алла Тағала! 100 рет толық оқылған осы Құран хатым дұғасын Нұралыұлы Бөкейхан, Бөкейханұлы Жәңгір хандар мен сұлтандардың, Ғұмар Қараш хазіреттің, ахундар мен ишандардың, батырлар мен ел үшін опат болған тұлғаларымыздың рухына бағыштаймыз. Бабаларымызды мейіріміңе бөлегейсің. Артында қалған ұрпақтарына екі дүние бақытын нәсіп еткейсің. Тәуелсіз Қазақстанның болашағын жарқын, тәуелсіздігімізді мәңгілік ете гөр. Әумин» деп дұға жасады Бас мүфти.