Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Хан ордасы музейін аралады

Бас мүфти Хан ордасы музейін аралады

0 18

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында Бөкей ауданындағы Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографикалық музей-қорығын аралады.


Бас мүфти бастаған делегация музейдегі құнды жәдігерлермен танысып, Хан мешітінде бабалар рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Айта кетсек, Хан ордасы музейі – еліміздегі тарихи-мәдени маңызы үлкен кешендердің бірі. Бұл музей қазақ халқының мемлекеттік тарихының маңызды кезеңін, нақтырақ айтқанда, Бөкей хандығының құрылуы мен даму тарихын қамтиды. Бөкей хандығы (Ішкі орда) 1801 жылы құрылған. Оны Кіші жүз ханы Нұралы ханның ұлы Бөкей хан негізін қалады. Ауыл мен хан ордасы XIX ғасырда Бөкей хандығының орталығы болған. Мұнда Жәңгір хан (Бөкей ханның ұлы) билік еткен, ол білім мен мәдениетке ерекше көңіл бөлген тұлға.

Жәңгір ханның бастамасымен бұл жерде мектеп, аурухана, мешіт, баспахана және басқа да алғашқы еуропалық үлгідегі мекемелер ашылған. Музей 1962 жылы алғаш рет ашылып, кейін бірнеше рет кеңейтіліп, қайта жөндеуден өтті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.