Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти жаңа мешіттің ашылуына қатысты

Бас мүфти жаңа мешіттің ашылуына қатысты

0 112

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Қарасу ауданыныдағы «Көшкінбай ата» мешітінің ашылуына қатысты.


«Баршаңызды іргетасы сонау 1994 жылы қаланып, бүгінгі таңда толық қайта жөндеуден өтіп, жамағат игілігіне беріліп отырған «Көшкінбай ата» мешітінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Мұсылман халқы үшін мешіттің ашылу салтанатты рәсімі – үлкен қуаныш. Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын! Жаңа мешіт Қарасу ауданының бірлігі мен ынтымағына, халықтың діни сауатының ашылуына қияметке дейін қызмет етуін тілеймін» деді Бас мүфти.

Сондай-ақ, мешітті толық қайта жөндеуден өткізіп, мұсылман қауымының игілігіне беріп, Алла үйінің бой көтеруіне үлесін қосқан барша азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан алғысын жеткізді.

Айта кетейік, шара аясында Бас мүфти ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және Қостанай облысы имамдарының ұйытқы болуымен республика бойынша 842; 843; 844-баспана кілттерін табыстады.



















Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.