Сан ғасыр бойы қазақ даласында салтанат құрған асыл дініміздің бүгінгі таңда ақиқатын бұрмалап, ағына күйе жағушылардың да, дінді пайдаланып теріс пиғылдарын жүргізгісі келетіндер де көбейгені жасырын емес. Ислам атын жамылған жат ағымдардың қауіптілігі тағы бар. Осы мәселелер төңірегінде тұшымды сөз өрбіткен Наурызбай қажы Тағанұлы қазіргі қоғамдағы кейбір теріс қылықтар туралы да өз пікірін білдіріп, парақорлық пен ысырапшылдықтан арылуға шақырды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы өзін-өзі өлтіру (суицид) оқиғалары жайлы ой қозғап, бала тәрбиесіне де қатысты кеңестерімен бөлісті.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар!