Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 ж. 27 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:57
Күн 04:48
Бесін 12:25
Ақшам 19:51
Құптан 21:41
Мақалалар

Сыртынан қарасаң – сауапты іс, ішіне үңілсең – парыз

13 рет оқылды
Сыртынан қарасаң – сауапты іс, ішіне үңілсең – парыз

Сахаба Османның (Алла оған разы болсын) өсиеттерінен үзінді. Төрт іс бар. Оларды сыртқы жағы "сауапты іс" болып көрінеді. Ал ішкі жағына үңілсең "парыз" болып көрінеді.


Олар:

1. Жақсы адамдармен аралас-құралас болу сауапты іс. Ал олардан үлгі алу – парыз.

2. Құран оқу сауапты іс. Ал оның үкімдерімен амал ету – парыз.

3. Қабір зияраты сауапты іс. Ал (марқұмдардың қабірлеріне қарап, ғибрат алып) өлімге дайындалу – парыз.

4. Ауырған кісінің көңілін сұрап шығу сауапты іс. Ал одан өсиет алып қалу – парыз.

материал Бауыржан Әлиұлының «Ойлаймын да» кітабынан алынды,

sunna.kz