Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Әлжан ана» мешітіне бас имам тағайындалды (ФОТО)

0 2  787

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің бұйрығымен Заңқоев Қалижан Байырбекұлы Астанадағы «Әлжан ана» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан «Әлжан ана» мешітің ұжымы мен жамағатқа жаңа басшыны таныстырып, бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. Сондай-ақ, наиб мүфти жақында «Нұр Астана» мешітіне Бас имам болып тағайындалған «Әлжан ана» мешітінің бұрынғы басшысы Асқар Мұқановқа сый-құрмет көрсетіп, қазақы салтпен иығына шапан жапты. 

IMG 1206

IMG 1222

IMG 1190

IMG 1198

IMG 1269

Заңқоев Қалижан Байырбекұлы 1977 жылдың 20 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. 

1992-1997 жылдары Өзбекстан Республикасының Андижан қаласындағы «Саид Мухиддин Махдум» медресесінде «Имам-Хатиб» мамандығы бойынша білім алған.

1998-2000 жылдары аралығында Түлкібас ауданы мен Шымкент қаласында наиб имам қызметін атқарған.

2000-2002 жылдары Алматы қалалық орталық мешітінің бірінші наиб имамы болса, 2002 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың қыркүйек айына дейін  Астана қаласының Бас имамы болып қызмет атқарды.

2004 жылдың қыркүйек айынан бастап, Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының наиб мүфтиі болды.

2007-2016 жылдары аралығында Елбасының қолдауымен «Нұр Астана» орталық мешітінің жанынан ашылған «Астана» медресесінің директоры қызметін атқарды.

2008 жылы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің филология факультетін бітірді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер  Басшылары съезі хатшылығының өкілі, Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы кеңесінің мүшелігінде болды.

2008 жылдың наурыз айында Бас мүфти Ә.Дербісәлі бастаған делегациямен Египетте өткен XX Ислам конференциясы, 2011 жылы 14-15 қарашада Мәскеуде өткен «Ресей және Ислам әлемі. ТМД кеңістігіндегі модернизацияландырудың көп бағыттылығы»  атты VII мұсылман форумына қатысты.

2003 жылдың қазан айында Әлем діндері съезін ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін ҚР Президенті Әкімшілігінің алғыс хатымен, 2005 жылы ҚР Президенті Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 10-жыл» медалімен, 2008 жылы шілде айында ҚР және оның Астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін ҚР Президенті Жарлығымен «10-жыл Астана» медалімен, 2008 жылдың 5 желтоқсанында ҚР Президентінің № 4913 жарлығы бойынша «Шапағат» медалімен, 2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астана қаласындағы VII Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммитін дайындауға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін ҚР Президентінің алғыс хатымен, 2011 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2012 жылдың 21 желтоқсанында ОҚО Түлкібас ауданы әкімшілігі ҚР-ның Заңнамасына сәйкес «Түлкібас ауданының құрметті азаматы» атағымен марапатталды.

2006 жылы 3000 данамен үш тілде «Нұр Астана» атты кітабы жарық көрді.

2009-2010 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінде жамағатқа әйгілі ғалым Абдуррахман әл-Бәшаның «Суар мин хаятис-сахаба» атты кітабынан  дәріс жүргізді. 65 сахабаның өмірін қамтыған бұл еңбек «Сахабалар тарихы» деген атпен аудио түрінде алты үнтаспаға жазылып, 10 000 мың данамен басылып, мұсылман жамағатына тегін таратылды.   

2012 жылы «Һидая» кітабының авторы Бұрһануддин Әбу Хасан Әли ибн Әбу Бәкір әл-Марғинанидың шәкірті, Отырар алқабындағы Зернұқ, Зарнұдж шаһарының перзенті, жерлесіміз Бұрһануддин Зарнужидің  «Таълим әл-Мутаъаллим» атты еңбегін «Тәлімгер тағылымы» деген атпен аударып шықты. Еңбек он мың тиражбен басылып, еліміздегі барлық медресе шәкірттері мен жалпы халыққа тегін таратылды.

2006 жылы туған жері Алғабас ауылында мешіт тұрғызды.

IMG 1265

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.