Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Төрағасы мүфтилер алқасының VI мәжілісінде баяндама жасады

ҚМДБ Төрағасы мүфтилер алқасының VI мәжілісінде баяндама жасады

0 41

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының VI мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.


«Аллаға шүкір, мұсылман үмбеті үшін өз тарапымнан үлес қоссам деген ниет сіз бен бізді Қырғызстан елінде топтастырып отыр. Біздерді осындай сауапты істерге себепші етіп, ізгі басқосуда бірге болуды нәсіп еткен Аллаға сансыз мадақтар мен мақтаулар болсын!

Біздің Мемлекет басшымыз, қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы жақында Қырғыз еліне арнайы сапармен келді. Президентіміз осы екі бауырлас елдің ерекше ынтымағы мен бірлігі жайында: «Шын мәнінде, Қазақ пен Қырғыз – тілектес, бауырлас елдер. Біздің тарихымыз – тамырлас, салт-дәстүріміз бен таным-түсінігіміз, ұлттық болмысымыз ұқсас. Қос халықтың татулығы мен өзара құрметі ешқашан үзілген емес. Қазір де ықпалдастығымыз стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамуда. Жалпы, екі елдің арасында жан-жақты әрі тығыз ынтымақтастық орнаған», – деп атап өткен болатын», – деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы .

Сондай-ақ, Бас мүфти өз сөзінде: «Баршаңызға мәлім, өткен жылы Елордамыз Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының V мәжілісін өткіздік. Онда бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» қарары ерекше маңызға ие болды. Бұл дін мен дәстүрдің сабақтастығын түркі халықтарының мәдениетінде айрықша орын алатынын көрсетті. Ал «Фиқһ мектебінің пәтуа беруге қатысты ережесі» ғұламалар арасында ынтымақтастықты нығайтуға, өзекті діни мәселелерде ортақ ұстаным қалыптастыруға негіз болды»,- деді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.