Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 ж. 9 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:52
Бесін 12:13
Екінті 16:25
Ақшам 18:23
Құптан 19:50
Жаңалықтар

Бас мүфти Қаратал тарихи-өлкетану мұражайын аралады

30 қар 2024 485 рет оқылды
Бас мүфти Қаратал тарихи-өлкетану мұражайын аралады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жетісу өңіріне жұмыс сапары барысында Қаратал тарихи-өлкетану мұражайын аралады.

 

Бас мүфти Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында орналасқан мұражайда этнографиялық жәдігерлерді көріп, археологиялық артефактілермен, сондай-ақ өңірден шыққан даңқты тұлғалар жайлы тың деректермен танысты.

Айта кетейік, Қаратал тарихи-өлкетану мұражайы 2023 жылы ашылды. Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған.