Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Ақшам 18:43
Құптан 20:13
Жаңалықтар

РАНТ мүшесі Елордада орыс тілінде уағыз-насихат жүргізді (фото)

30 қар 2024 487 рет оқылды
РАНТ мүшесі Елордада орыс тілінде уағыз-насихат жүргізді (фото)

Астана қаласына арнайы іс-сапармен келген Түркістан облысы Төлеби ауданының бас имамы, орыс тілді РАНТ мүшесі Әділхан Сертайұлы өкілдікке қарасты қала мешіттерінің жамағатымен жүздесіп, әртүрлі мекемелерде үгіт-насихат жасады.

 

Атап айтсақ, Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен діни ағарту жұмыстары барысында РАНТ мүшесі Дін істері басқармасы аясында сондай-ақ «Әл-Ғани» мешітінде «Ата-ананың разылығы» тақырыбында, «Әл-Фараби» мешітінде «Нәпіл ораза», Астана медресесінде «Бабалар ізімен», «Шейх Кунта қажы» мешітінде, «Ырыскелді қажы» мешіті, «С. Ғылмани» мешіттерінде жамағатпен кездесіп, әртүрлі тақырыпта орыс тілінде үгіт-насихат жұмыстарын жасады. Жалпы өткен кездесулер барысында 1 000 адам қамтылды.

дереккөз: muslim.kz